Жаңалықтар

12 желтоқсан 2009
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының қазақстандық учаскесін пайдалануға беру рәсімі болып өтті.

 

Бұл бүгін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ху Цзиньтаоның Астанада өткен бағдарламасындағы негізгі шара болды.

 

Салтанатты рәсім кезінде «Отар» компрессорлық стансасынан (Жамбыл облысы) телекөпір арқылы «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының қазақстандық учаскесі пайдалануға беруге дайын екендігі туралы Қазақстан және Қытай көшбасшыларына мәлім етілді. 

 

Жаңа құбырдың қазақстандық бөлігінің ұзындығы 1300 шақырым. Газ құбырының пайдалануға берілуімен табиғи газды Түрікменстаннан ҚХР-на, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ газдың Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына жеткізілуінің қосымша арналарын ашуға мүмкіндік береді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао газ құбырының желілік шүмегін ашу арқылы оны іске қосты. Қазақстан мен Қытай көшбасшылары құрылысшылар мен саланың барлық жұмысшыларын жобаның табысты аяқталуымен құттықтады.

 

Одан кейін Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасына «Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбыры таныстырылды. Оның мұнайды тасымалдау мүмкіндігі жылына 10 миллион тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш келешекте 20 миллион тоннаға дейін жетпек. Атыраудан Алашанькоуға дейінгі құбырдың жалпы ұзындығы - 2830 шақырым.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар