Жаңалықтар

30 қаңтар 2008
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумы болып өтті.
big-01.jpg

«Болашақ» бағдарламасы Мемлекет басшысының жеке бастамасымен 1993 жылы құрылды. Содан бері бағдарламаға айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, стипендиялар саны үш мыңға дейін өсті. «Болашақ» бағдарламасының аумағы да кеңейді. Қазақстан стипендиаттары әлемнің 32 елінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, іске асырылған 15 жылдың ішінде бағдарлама жоғары білімді кадрларды қалыптастыруға айрықша үлес қосты.


Бүгінде «Болашақ» түлектері мемлекеттік басқару саласында, бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компанияларда, сондай-ақ отандық және шетелдік компанияларда табысты еңбек етуде.


Өзінің сөйлеген сөзінде Президент Қазақстан дамуының перспективаларын және «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының атқаратын рөлін айрықша атап өтті.


- Біз сендер арқылы жаңа Қазақстанның қалыптасуына нақты үлес қосуға дайын еліміздің отансүйгіш жастарын көреміз. Өздеріңе ел артқан үмітті ақтайтын кез келді, - деді Н.Назарбаев.


Президент қазіргі таңда «Болашақ» бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды «серпінді жобалардың» бірі болып табылатындығы жөнінде пікір білдірді.


Мемлекет басшысы нақ осы «Болашақ» бағдарламасының түлектері реформалар мен мемлекеттік басқарудың тұтқасына айналатын жаңа басқарушылар қатарының негізін қалай алатынындығы жөнінде пікір айтты.


Президент «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасының идеясын талқылауды ұсынды. Жобаны жүзеге асыру негізгі үш бағытты қарастырады. Бұл білім жүйесін инновациялық дамыту, қуатты ақпараттық серпіліс және жастардың рухани тәрбиесі.


- Жобаның мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру, - деп атап өтті Президент.


Мемлекет басшысы сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын жаңғырту мәселесі туындағанын атап өтті. Бірінші кезекте, стипендиаттарды іріктеу жүйесінің барынша мөлдір әрі ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Жұртшылық бағдарламаның демократиялығына және әділдігіне күмән келтірмеуі тиіс.


Президент стипендиаттарды іріктеу үдерісіне қоғамдық бақылау ретінде «Болашақ» түлектерінің қауымдастығын қатыстыру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап айтты.


Сөзін қорытындылай келе Мемлекет басшысы «болашақтықтар» алған білімдерін өздерінің жас тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуына үлес қосу үшін берілген бірегей мүмкіндік ретінде бағалауы тиіс екендігін атап өтті.


- Бүгінде қоғам да және Мемлекет басшысы ретінде мен де сендерден Отанымыздың игілігіне жан-тәнімен қызмет етуді талап етуге құқылымыз. Сендер – жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды құратын азаматтардың буынысыңдар. Сендерде XXI ғасырдағы Қазақстанды лайықты, қуатты әрі гүлденген мемлекетке айналдыру үшін құлшыныс пен қүш жеткілікті екендігіне сенемін, - деп атап көрсетті. Н.Назарбаев.


Президенттің сөйлеген сөзін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар