Жаңалықтар

12 қазан 2007
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2030» Стратегиясының 10 жылдығына арналған халықаралық конференция болып өтті.

big-012030.jpg

big-2030.jpg

Конференцияда сөз сөйлеген Елбасы, Стратегияның әзірленуі мен қабылдануын Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы аса маңызды оқиға деп атады. Нақ осы құжатта алғаш рет Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары тұжырымдалып, оларға қол жеткізудің нақты жолдары айқындалған.


- Бүгінде «Қазақстан-2030» Стратегиясы өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді деуге негіз бар. Стратегия бізге жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді. Қазақстан тәуелсіздік тарихын қатар бастаған өзге ТМД елдерінің алдына шықты. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елдермен бой теңестіре бастадық.


Біздің экономикалық жетістіктеріміз бен саяси реформаларымызды шетел сарапшылары да жоғары бағалауда.


Ендеше «Қазақстан – 2030» Стратегиясының 10 жылдығы біз үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар