Жаңалықтар

30 тамыз 2005
Ата Заңымыздың 10 жылдығына орай Парламент Мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Конституция: тұлға, қоғам және мемлекет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
243.jpg

Парламент Мәжілісінде ашылған «Конституция: тұлға, қоғам және мемлекет» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Конституциямыз - біздің тарихымызда орын алған біртұтас оқиғалар тізбегінің нәтижесі екенін атап көрсеткен Мемлекет басшысы «Конституцияны қатаң сақтау - мемлекет пен азаматтық қоғамның табысты дамуының негізі. Бізге соған сәйкес өмір сүру керек - демократияның жоғары мектебі деген сол», деді.   

Конференцияда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, Француз Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Пьер Мазо, Корея Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Енг-Чоль Юн, Украина Конституциялық сотының төрағасы Николай Селивон, Ресей Конституциялық соты төрағасының орынбасары Владимир Стрекозов Еуропа Кеңесі Венециан комиссиясы Конституциялық әділ сот департаментінің басшысы Рудольф Дюрр мен ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығының басшысы Ивар Викки құттықтау сөз сөйледі.  

Алқалы басқосуға еліміздің Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың құттықтау сөзінің толық мәтінін қараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар