Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы аса құрметті америкалық саясаткерлердің бірі сенатор Ричард Лугардың жаңа басталған жылы Астанаға келген бірінші шетелдік мейман болғанының айрықша мәнін атап өтті.
- Біздің елдеріміз тәуелсіздік жылдары ішінде кең ауқымдағы ынтымақтастық жолын жүріп өтті, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және оның инфрақұрылымын жоюы осы қатынастардың іргелі шарасына айналды, - деді Қ.Саудабаев.
- Бүгінде, адамзат жаппай қырып-жою қаруының одан әрі тарау және халықаралық терроризм қауіп-қатерлерімен қақтығысып отырған кезде, біздің ынтымақтастығымызды жалғастыру және жандандыра түсу айрықша өзекті болып отыр, - деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы.
Сенатор Р.Лугар Президент Н.Назарбаевтың бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің ядролық қарусыздануына мүмкіндік берген, ядролық қарудан бас тарту туралы таңдауын жоғары бағалады.
- Біз өңірдегі мәселелерді, энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға тасымалдау мәселелерін, сондай-ақ халықаралық деңгейде бейбітшілікті нығайтудағы мәселелерді шешудегі Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының перспективаларын талқыладық. Қазақстан мен АҚШ Қауіп-қатерді бірлесіп жою бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты тағы 7 жылға ұзартты, бұл осы маңызды саладағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді, - деді Р.Лугар журналистерге арналған брифингте.