Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қазан 2011
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болып өтті.

Оның жұмысына Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Қ. Саудабаев: «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылын өткзу жөінде жасалған жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру - бүкілхалықтық іс. Тоғыз ай бойына елімізде қыруар жұмыстар атқарылды. Астанада және барлық өңірлерде мыңнан астам іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі жұмыстар жүзеге асты. Бұларға жастар, ғылыми және шығармашылық өкілдері, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының экономикалық секторлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар барынша атсалысты. Жалпы алғанда, мерекелі жыл іс-шаралары жалпыхалықтық сипат алды.

Олардың бәрінің негізгі алтын арқауы -  еліміздің аса көрнекті тұлғасы, Ұлт көшбасшысы - Елбасымыз Н.Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда биік табыстарға қол жеткізу болып табылады. Жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде қазақстандықтардың тұрмысының жақсаруына барынша жағдайлар жасалды» деп атап өтті».

Отырыста Жалпыұлттық жоспардың 9 айда орындалу процесі қаралды және мерекелік жыл аяғына дейін жоспарда көзделген барлық іс-шараларды ұйымшылдықпен және мазмұнды деңгейде өткізу үшін нақты тапсырмалар берілді.

Отырысты қорытындылай келе, Комиссия төрағасы Тәуелсіздіктіктің 20 жылдығы жылын өткізуді жоспарлағандай етіп, қарқынын бәсеңдетпей, сонымен қатар, өткізілетін іс-шаралардың деңгейін жоғары көтеріп, үстіміздегі жылғы желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткізілетін мерекелік іс-шараның жарқын да жарасымды болуына барынша үлес қосуға шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар