Жаңалықтар

5 шілде 2008
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Президенті Михаил Саакашвилимен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстан-грузия сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту мәселелері талқыланды.


Нұрсұлтан Назарбаев грузиялық әріптесіне Астананың 10 жылдық мерекесіне қатысуға келгені үшін алғыс білдірді және Қазақстан Грузиямен достық байланыстарды дамыта түсуге ниетті екендігін мәлімдеді.


Өз кезегінде Михаил Саакашвили Қазақстан елордасы құрылысының ауқымы мен қарқынына таңданысын білдірді.


- Астанадағы құрылыстың қарқыны мен көлемі – мемлекеттің экономикалық өсуінің айқын дәлелі. Мен посткеңестік кеңістікте осындай ауқымды өзгерістер жасаған бірде-бір мысал келтіре алмаймын. Біз қазақстандық реформалардың тәжірибесін, құрылыс саласын ұйымдастыруды үйренуге мүдделіміз, - деді Грузия Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар