Жаңалықтар

5 қазан 2008
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райсты қабылдады.
big-10.jpg

Кездесу барысында халықаралық және аймақтық мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды оңалту, Ирактағы ахуалды тұрақтандыру, Кавказдағы шиеленісті реттеу мәселелері сөз болды.


Сондай-ақ, Орталық Азияның даму болашағы келіссөздің өзекті тақырыбына айналды.


Тараптар әлемдегі қауіпсіздіктің басым факторы саналатын америка-ресей қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі туралы да пікір алмасты.


Келіссөз кезінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың дамуы жоғары деңгейде және көпқырлы екені атап өтілді. Бүгінгі таңда Қазақстан америкалық бизнестің мұнай-газ секторына ғана емес, басқа салаларға да, соның ішінде, ауыл шаруашылығына, телекоммуникация мен көлік саласына инвестиция салуына мүдделі.


Мемлекет басшысы Қазақстанның 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне көрсеткен қолдауы үшін АҚШ-қа ризашылық білдіріп, осы Ұйымның аясында екі елдің ынтымақтастығының арта түсетініне сенетінін жеткізді.


Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды одан әрі кеңейте беруге уағдаласты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар