Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 маусым 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінің қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

02

06

03

05

07

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.

ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді.

- Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды, - деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

- Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді, - деп атап өтті М.Ахмадинежад.

- Менің сапарым Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Мен халықтың еркінің және Президенттің данагөй басшылығының арқасында, сіздердің елдеріңіз даму қарқынының жоғары көрсеткішіне одан әрі қол жеткізе беретініне сенемін, - деп атап өтті Иран Президенті.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен келіссөзі болып өтті.

Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты өзара іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.

- ШЫҰ – биылғы жылы өзінің он жылдығын атап өтетін беделді ұйым. Оның құрамына Қазақстан, Ресей және Қытай кіреді, ал бұл өте динамикалы дамып келе жатқан экономика, - деді Р.Отынбаева кездесудің қорытындысы бойынша журналистерге.

- Біз Қазақстан Президентінің сапарын тағатсыздана күтудеміз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы біздің еліміздегі жағдай туралы жақсы хабардар еткенін және Қырғызстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін білеміз, - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Президенті.

***

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ оны бейбіт реттеу перспективасы талқыланды.

- Соңғы 5 жылда мен сіздердің елдеріңізге бесінші рет келіп тұрмын. Әрбір келген сайын сіздердің көшбасшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, Қазақстан қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткіземін. Сіздердің халқыңыз бен Президентті тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын! – деді Хамид Карзай журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.

***

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі қырлары, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

- Мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұлы бірлестік деп санаймын. Пәкістан оның құрамына кіруді қалап отыр және ұйымның барлық мүшлерінің қолдауынан үміттінеді. Мен ШЫҰ-ның үлкен перспективасы бар деп сенемін, - деп атап өтті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан Президенті.

- Бұл менің Пәкістан Президент ретінде Қазақстанға алғашқы сапарым. Мен Қазақстан халқын және ұлы лидері Нұрсұлтан Назарбаевты республика тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! - деді Ә.Зардари.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар