Жаңалықтар

6 мамыр 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Президенттің күзет қызметі, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жөніндегі, Әділет министрліктері, Бас прокуратура өкілдеріне жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.

Белгілерді тапсыру рәсімін аша отырып, Мемлекет басшысы ертең қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін мерекелейтінін атап өтті.

- 1992 жылы 7 мамырда мен өзімнің Жарлығыммен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құрдым. Бұл күн бізде Отан қорғаушылар күні ретінде атап өтіледі. Сондықтан дәстүрге сәйкес, біз осы мереке алдында өз қызметтерінде ерекше көзге түскен, армиямыздың, құқық қорғау органдарының күндіз-түні Отан қорғау күзетінде тұрған, азаматтардың конституциялық қүұқықтары мен бостандықтарын қорғап жүрген сарбаздардың еңбегін атап өтеміз. Осыған байланысты мен Қорғаныс министрлігі мен өзге де құқық қорғау органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент генералдар мен офицерлерді алдағы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

«Генерал-лейтенант» әскери атағы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Басқолбасшысы Мұрат Майкеевке; «генерал-майор» әскери атақтары – ІІМ ішкі әскерлер құрамасының командирі Бауыржан Әбжановқа, ҰҚКД Ақтөбе облысы бойынша бастығы Тұрысбек Әлиасқаровқа, өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшылығы басқармасының штаб бастығы Алмаз Әсеновке, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлім командирі Олег Бижановқа, басқолбасшының орынбасары – Құрлық әскерлері басқолбасшысы басқармасының тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмысы бас басқармасының бастығы Алмаз Джумакеевке, ҰҚКД Астана қаласы бойынша бастығы Марат Қалқабаевқа, ІІМ ішкі әскерлер құрамасының командирі Рысбек Көшербаевқа, ҰҚК конституциялық құрылысты қорғау жөніндегі бастығы Марат Өсіповке, Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы Дәулет Оспановқа, Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Исатай Сартаевқа; «авиация генерал-майоры» атағы - Әуе қорғанысы күштері басқолбасшысының бірінші орынбасары -  Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы Нұрлан Орманбетовке; «контр-адмирал» атағы - Әскери-теңіз күштері Басқолбасшысы Жанжарбек Жанзақовқа; «өртке қарсы қызмет генерал-майор» арнаулы атағы – Серік Әубәкіровке; «әділет генерал-майоры» арнаулы атағы - Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің төрағасы Сұлтан Құсетовке; «2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені – Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа; «3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені – Бас прокурордың орынбасары Берік Асыловқа берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар