Жаңалықтар

15 тамыз 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге даярлық мәселелері жөнінде кеңес өтті.
01

Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты.

Премьер-Министр К. Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар кеңес барысында Конституция күнін өткізуге даярлық, алдағы уақытта Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, Астраханьдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының VIII форумына, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы мен Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысына қатысу мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар