Жаңалықтар

6 қараша 2007
Бүгін Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохальдың кездесуі болып өтті.
big-11.JPG

К.Штрохальдың біздің елімізге сапарының негізгі мақсаты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасында өткен парламенттік сайлауды бақылауы жөнінде қорытынды есеп беру және одан арғы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болып табылады.


Кездесу кезінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры мәлімдегендей, аталған құжатта әділ әрі ашық сайлау өткізуде Қазақстан қол жеткізген айрықша ілгерулер аталып көрсетілген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар