Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 шілде 2010
Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дендропаркті аралап көрді.

12.07

Дендропарктің аумағы 73 гектарды құрайды, архитекторлардың жоспары бойынша қаланың табиғи-экологиялық негізін қалыптастырудың іргетасына айналады. Ондағы міндет – Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін ең қолайлы жағдай жасау.

Бүгінде дендропаркте әуен ойнап тұратын және алуан түспен көмкерілген қаладағы ірі субұрқақтар жұмыс істеп тұр. Келешекте дендропарктің орталық бөлігінде танымдық сипаттағы объектілерді, соның ішінде климатрондарды – солтүстік және оңтүстік жарты шарындағы өсімдіктер дүниесі орнығатын тау көлінің ландшафтік композиция, қолдан жасалған су көздері мен арнайы істелінген тау тәрізді жабық бөлмелерді орналастыру жоспарланған.

Дендропаркті аралау барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы парк аймағын дамыту жөніндегі әкімдіктің жоспарымен танысты. Мемлекет басшысы мұндай аймақты құру – Қазақстанның барлық қалалары үшін басым мәселелердің бірі екенін атап өтті.       


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар