Жаңалықтар

25 қараша 2011
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның XIV съезі болып өтті.

01

02

03

04

Тәуелсіздік сарайында өткен партияның басты форумына партияның барлық филиалдарының өкілі болып табылатын 600-ге жуық делегет қатысты. Съездге қатысқан 2 мыңнан астам қонақтың қатарында – мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингілердің жетекшілері, жұртшылық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Съезде «Қазақстан. Мақсаттар-2017»  атты партияның ұлттық іс-қимылының сайлауалды тұғырнамасының жобасы талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Праламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізім бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде бүгінгі съезд Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында өткеніне тоқталды. Ең алдымен, Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы болды. Оның соңғы бес жылы табысты қазақстандық жол үшін шешуші кезеңге айналды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының бірлігінің мықтылығы, оның тұтастығының беріктігі шыңдалды. Екіншіден, «Қазақстан. Мақсаттар-2017» ұлттық іс-қимыл жоспары бекітіледі.

Президент «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы сайлаудағы халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалғанын атап өтті. Бес жылға толмайтын уақыт ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 2 есеге дейін артты. Қазақстан әлем елдері арасында көш бастаған 20-лықтың қатарына енді, шеиел инвестициясының едәуір көп бөлігін тартты. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан 5,4 пайызға дейін төмендеді. Еліміз халықтың әл-ауқатының жаһандық рейтингісі бойынша әлем елдерінің алғашқы 50-інің қатарына енді. Қазіргі кезде халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемдегі экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарына қосып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс жағдайында «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі партиялық басымдығы негізінде құрылған  Қазақстан Республикасының Үкіметінің кәсіби және жемісті еңбегін атап өтті. Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа қарсы заңды қамтамасыз етті.

- Мен съезд трибунасынан Мәжіліс депутаттарына олардың қызмет кезеңіндегі  жауапкершіліктері үшін, атқарған нәтижелі  жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Президент тұрақтылық, бейбішілік пен келісімнің арқасында Қазақстан бұрын-соңды болмаған беделге және әлем алдында құрметке қол жеткізгенін атап өтті. 2010 жылы Қазақстан ірі халықаралық ұйымға – ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті. Қазіргідей қиын уақыттың өзінде еліміз Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық миссиясын атқаруда. Қазақстан жаһандық ядролық қоғалысқа қарсы көшбасшылық ұстанымын барынша нығайта түсті. Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы жұмыс істей бастады.

- Менің айтқанымның бәрі – бұдан 5 жыл бұрынғы біздің партиялық тұғырнамамыздың іс жүзіне асырылуының нақты нәтижесі. Осылайша «Нұр Отан» партиясы – халық бірлігінің,  қайратының қажымастығы мен батылдығының және елді тек қана алға – жаңа жеңістер мен биіктерге бастайтын партиясы болып келді және солай болып қала береді! – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан ауқымды жаңғырту дәуіріне қадам басқанын қадап айтты. Елдің дамуының алдағы он жылға арналған стратегиялық мақсаттары мен міндеттері әзірленді. Қазақстан ел азаматтарына экономикалық өсімге кеңінен қатысу мүмкіндігін ашқан жаңа меншік құрылымын қалыптастыруға кірісті. Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иесі бола алады. Бұдан басқа, барлық құқық қорғау органдары алдында реформаны тереңдету, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту міндеті тұр. Партия жемқорлыққа қарсы қозғалысты кең көлемде жүргіздің басында тұруы тиіс. Білім мен денсаулық сақтаудың әділетті жүйесі, әділетті әлеуметтік қорғау, әділетті жастар және тұрғын үй саясаты – бұлар ел дамуының жаңа күн тәртібіндегі мәселелер.

Мемлекет басшысы «алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам», деп атап өтті. Дауыс берудің қорытындысында көппартиялылық негізде, яғни кем дегенде екі партияның қатысуымен алғаш рет Парламент жасақталады. Осының барлығы барша саяси партиялардың жауапкершілігінің деңгейін айтарлықтай арттыра түседі.

Президент «Нұр Отан» партиясының күші – оның қоғамды сынақтан алып өту арқылы тұрақтылық пен халықтың бірлігін нығайтау қабілеттілігінде екенін атап көрсетті.

-  Мен осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар халық алдында, мемлекет алдында зор жауапкершілікті басшылыққа алып, әлем тарихы мен дағдарыс кезеңіндегі күрделі кезең алдында қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы үшін ынтымақтастық танытып, саяси күресте нақты және сыпайы ұстанымда боларына сенемін. Президент ретінде мен еліміздегі және жаңа Парламенттегі барлық саяси күштермен жұмыс істейтін боламын. Барлық парламенттік партиялар Отанымыздың ұлттық мүддесін ғана басшылыққа ала отырып, жемісті жұмыс істейтіндігіне сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы XXI ғасырда тек күшті мемлекет қана табысты дамитынын атап өтті. «Нұр Отан» көшбасшы саяси партия ретінде елдің болашағын, қоғамдағы тұрақтылықты және алдағы онжылдықтағы саяси бағыттың сабақтастығын өз жауапкершілігіне алады.

- Команданың рухы мен тұтастығы уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған қазіргі кезде өте маңызды. Тек сонда ғана біз болашақта алға, жаңа жеңістерге, жаңа табыстарға қадам басамыз! – деді Президент.

Съезд барысында сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облыстық әкімдігі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, «Иволга Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розинов, «Атамекен» Одағы» ҰЭП басқарма төрағасы, ҚР сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Абылай Мырзахметов, «Қазфосфат минералдық тыңайтқыштар» ЖШС аға ауысым шебері Болатхан Көптілеуов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты Алена Герасимова, Пекин қаласында өткен XXIX олимпиадалық ойындардың чемпионы, ауыр атлетикадан үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ҚР жастар сыйлығының лауреаты Нұрлан Әлімжанов сөз сөйледі.

Президент сөзінің мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар