Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2008
Бүгін Астанада Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жаңа құрылған Қордың басым бағыттары мен міндеттері талқыланды.


Қазіргі уақытта Қордың Жарғысы бекітіліп, Қамқоршылық кеңестің құрамы жасақталды. Кеңес құрамына есімі елге танымал қоғам қайраткерлері мен белгілі тіл жанашырларын енгізілді. Қор директоры болып Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Берік Әбдіғалиев тағайындалды.


Қор мемлекет есебінен қаржыландырылмай, қайырымдылық, демеушілік қолдау шараларынан түскен қаражат есебінен қызмет атқарады. Сонымен қатар Қор мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру жөніндегі конкурстарға қатыса алады.


Қор қызметі қазақ тілін үйренушілерді ынталандыру жөніндегі жобаларды іске асырып, тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталмақ. Сондай-ақ, Қор міндетіне Елбасының мемлекеттілік тілді дамыту және қолдау жөніндегі бастамаларын жұртшылыққа жан-жақты жеткізу.


Сонымен қатар, Қор мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі тиімді әдістемелер мен технологияларды әзірлеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетін, танымы мен тарихын зерттейтін ғылыми, шығармашылық, ағартушылық орталарға қолдау көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға және мемлекеттік тілде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға жағдай жасамақ.


Қор шет елдердегі қазақ диаспорасы мен атамекеніне оралған отандастарға тілдік-рухани, тарихи-танымдық тұрғыдан көмек көрсетіп, қазақ тілінде жарық көрген әдеби шығармалармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ететін болады.


Қор отандастарымыздың бойына мемлекетшілдік және отансүйгіштік сезімін сіңіруге ықпал етпек.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар