Жаңалықтар

28 тамыз 2008
Бүгін Душанбеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесуі болды, онда екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынын, атап айтқанда сауда-экономикалық ынтымақтастық көлемінің өсуін қанағаттанарлық сезіммен атап өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан-Ресей шекаралас аймақтарының форумына қатысуға шақырды.


Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Осетиядағы ахуалға қатысты айта келе, Қазақстан Ресейдің осы өңірдегі бітімгершілік күш-жігеріне түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Қазақстан қазірдің өзінде Оңтүстік Осетия тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетіп отыр.


Қазақстан басшысы бұл ахуалдың халықаралық құқық нормалары мен принциптері негізінде реттелетініне сенім білдірді.


Өз кезегінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстан басшысына алғыс білдірді, және де қалыптасып отырған ахуал халықаралық құқық нормалары мен принциптері негізінде реттелетініне сенім білдірді.


Бүгін сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесуі болып, онда екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар