Жаңалықтар

28 тамыз 2008
Бүгін Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы болып өтті, оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран елдерінің басшылары қатысты.
big-002.jpg

Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы ұйымның даму қарқынына және алға қойған міндеттердің орындалу барысына қанағаттанатындығын білдірді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік пен тұрақты дамуға едәуір қауіп төндіретін мәселелерді, ең алдымен халықаралық лаңкестік, экстремизм, заңсыз көші-қон мен есірткі айналымы проблемаларын бөліп көрсетті.


Мемлекет басшысы сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің аумағында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, бірыңғай энергетикалық кеңістік құрудың, көлік коммуникацияларын дамытудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және табиғи апаттардың алдын алу мен оның салдарларын жою тетіктерінің маңыздылығын атап көрсетті.


- Бүгінде ШЫҰ ауқымды еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының декларациясы мен мемлекеттер басшыларының Бірлескен коммюникесіне қол қойылды, сондай-ақ президенттердің бірлескен баспасөз мәслихаты болып өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар