Жаңалықтар

1 қыркүйек 2005
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы болып өтті.

Үшінші шақырылымда сайланған депутаттардың кезекті екінші сессиясы ашылды. Бірлескен отырысқа Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Мемлекеттік хатшы және басқа да органдар, сондай-ақ Мәжілістің 73, Сенаттың 30 депутаты қатысты.

Сессияны Мемлекет басшысы ашты. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі болып өткен маңызды жайларға тоқталды.

«Биыл мемлекет өмірінде өте мәнді оқиғалар болды. Ата Заңымыздың және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығы ерекше аталып өтті. Жақында Парламенттің де 10 жылдығы болады. Бүгінгі күн белесінен пайымдайтын болсақ, елімізде мұндай кәсіби Парламент болған емес. Сонымен қатар, менің ақпандағы Жолдауым жарияланғалы жарты жылдан аса уақыт өтті. Соңғы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде болып, кәсіпорындар мен оқу орындарында ел-жұртпен кездестім. Сондықтан да, күнделікті тіршілікте қазақстандықтарды не толғандырып жүр деген мәселелерге тоқтала кетсем», - деді Президент.

Елбасының айтуынша, біріншіден, әр адам өмір сапасының жақсаруын, болашағын, қоғамның тыныштығын ойлайды. Әлбетте, жүріп жатқан реформалардың пәрменділігін кез-келген адам өз тұрғысынан тапқан табысына, күллі қоғам тіршілігіне ақыр соңында базар бағасына қарап пайымдайды.

«Осыған байланысты Жолдауды талқылау барысын атқарушы үкімет органдары бақылауға алды. Ескертпелер бойынша нақты шаралар көрсетіліп, іске асырыла бастады. Алғашқы нәтижелер де айтарлықтай. Дегенмен де, шешілуін күткен проблемалар да жеткілікті. Бұлардың бәрі Үкімет органдарының назарында болатынына сенім білдіремін», - деді ол.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев Жолдауды бүкілхалықтық талқылау барысында жұртшылықтың қызу атсалысқанына да тоқталды. «Мұндай ауқымды қоғамдық пікірлесу қазақтардың өз отбасының жағдайын, бүкіл еліміздің игілігін ойлайтынын және оның халықаралық беделімен өлшейтінін дәлелдеп отыр», - деді Мемлекет басшысы.

 

Толық мәтінді <a href="


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар