Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2010
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қазақ әдебиетінің бір топ қаламгерлерін және республикамыздағы белгілі ақпарат құралдары жетекшілерін қабылдап, кездесу өткізді.

Бұл кездесуге келгендердің арасында көрнекті әдебиеттанушы ғалым,  академик сыншы Серік Қирабаев, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, белгілі әдебиет сыншысы Шерияздан Елеукенов, жазушылар Дулат Исабеков, Оразбек Сәрсенбаев, жазушылар Марал Сқақбаев, Бексұлтан Нұржекеев, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, сонымен қатар белгілі басылымдардың бас редакторлары Жанарбек Әшімжан, Ұлықбек Есдәулетов, Жұмабай Шаштайұлы, Нұртөре Жүсіп, Бақыт Сарбалаев, Шәмшәдин Пәттеев, Қали Сәрсенбаев, «Қазақстан» телеарнасының президенті Жанай Омаровтар болды.

Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев өз сөзінде мемлекет Басшысының ұлттық мәдениетті дамытуда оған тұрақты түрде қамқорлық пен қолдау көрсетіп келе жатқанын айрықша атап өтті.

«Шындығында да халық шығармашылық қауымнан Қазақстанның одан әрі қарышты да қарқынды дамуын жүргізудегі Тұңғыш Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасын белсенді түрде қолдау мен насихаттауды күтіп отыр. Қазақстанның биылғы жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі және оның  11 жылға созылған үзілісінен кейін Астанада оның Самитті өткелі отырғаны, бұл біздің халқымыздың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген орасан зор табыстары мен жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың сөзсіз бағалауы. Бұл өте үлкен халықаралық табыс, онымен барша қазақстандықтар орынды мақтана алады. Халықтың осындай заңды мақтанышын қаламгерлер айтпағанда кім айтады, жазушылар жазбағанда кім жазады?» деп атап өтті Қанат Саудабаев.

Сөйлеген әдебиет қайраткерлері рухани саланы тұрақты түрде қолдап, қамқорлыққа алып келе жатқаны үшін мемлекет Басшысына терең ризашылық сезімін білдіріп, Қазақстан тарихында ерекше оқиға болып саналатын ЕҚЫҰ-ның Самиттіне әлемнің  67 елінен қатысушы-мемлекет басшыларының және әріптес-мемлекеттердің жетекшілері келуі тарихи сәт екенін, сонымен қатар өзінің тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында Қазақстан әлем алдында экономикалық дамуы жағынан күшті әрі демократиялық ел екенін қапысыз көрсететіне күмән жоқ  екенін атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар