Жаңалықтар

30 қаңтар 2008
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Ивар Виккиді қабылдады.

Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ елшісі лауазымындағы жемісті еңбегі үшін Ивар Виккиге алғыс білдірді және Орталықтың еліміз бен ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.


- Өткен жылдың соңында Мадридте қабылданған Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі оң шешім – тәуелсіздік жылдарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген нақты өзгерістер мен табыстарды халықаралық қоғамдастықтың сөзсіз мойындауы болып табылады. Бұл сондай-ақ Қазақстанда демократияны дамыту жөніндегі біздің көпжылғы бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі, - деді Қанат Саудабаев кездесудің ашылуында.


ЕҚЫҰ елшісі Қазақстандағы қызметінің жоғары бағаланғанына алғыс айтып, одан арғы ынтымақтастыққа үміт білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар