Жаңалықтар

27 маусым 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кеңес өткізді.

Кеңесте өткен алты айдың ішіндегі мерейтойлық жылдың жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асырудың қорытындылары жасалды, Елорда күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыстар мен Алматы қаласының Астанадағы мәдениет күндеріне дайындық және оларды өткізу мәселелері қаралды.

Елорда мен республиканың облыстарындағы мерейтойлық іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратпен ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед сөз сөйледі.

Мерейтойлық жыл бағдарламасы шеңберіндегі маңызды іс-шаралардың өткен мерзімде сәтті өткеніне тоқталған Қ.Саудабаев былай деп атап өтті:

«Мемлекетіміздің басшысы атап өткендей, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру еліміз бен оның әрбір өңірінің осы жылдардағы табыстарын айшықтап қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына, халқымыздың әл-ауқатының артуына күшті серпін беруге тиіс.

Мерейтойлық жылдың әрбір күні мақтаулы істермен және жасампаздықпен, осы тамаша мерекеге барша қазақстандықтардың тікелей қатыстылығымен есте қалуға тиіс».

Кеңесте жұмыс топтары жетекшілерінің ерекше назары Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеудің жалпыұлттық жоспарының іс-шараларын мерейтойға дейінгі қалған мерзімде жоғары ұйымдастыру және мазмұнды деңгейде өткізу қажеттігіне аударылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар