Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 маусым 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Отырыста  Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдардың құжаттары қаралды. Тиісті Жарлыққа Елбасы қол қойғаннан кейін ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген 23 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары атанатын болады.

Еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында біздің республикамыздың азаматы болуға әртүрлі елдерден өтініш беруші адамдар санының өсуі әлемге танымал тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздігін орнықтырған жылдардан бері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жетістіктерінің жоғары деңгейде халықаралық аренада мойындалуының тағы бір айқын айғағы, - деп атап көрсетті комиссия төрағасы. - Біз егемен Қазақстанның Елордасы күні, мерекесі қарсаңында жаңа қазақстандықтарды қуанышпен қарсы аламыз және оларға амандық, игілік және жаңа тапқан Отандарының игілігі жолында жемісті еңбек тілейміз. Енді жауапты мемлекеттік органдардың міндеті – олардың жаңа Отандарында тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін жылдам және ұйымдастырушылықпен шешу.

Тәуелсіздік  жылдары ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын 700 мыңнан астам адам алды, оның ішінде ең көп бөлігі - соңғы жылдары алды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар