Жаңалықтар

11 мамыр 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісі болып өтті.

Отырысты аша отырып, Комиссия төрағасы өз сөзінде: «Болашақ» президенттік бағдарламасы қолға алына бастаған өткен кезеңдерде тәуелсіз Қазақстанға қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың алғашқы буынын дайындауда маңызды міндеттерді атқарды. Бүгінгі күні Мемлекет басшысының, отандық білімнің сапасы мен деңгейін арттыру жөніндегі көреген саясатының арқасында, әсіресе «Назарбаев Университетінің» ашылуына байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде бакалаврларды оқыту процесі тоқтатылып, негізгі назар магистрлар мен PhD докторларын даярлауға бағытталатын болады. Бұл туралы Елбасы жақында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында тапсырма берді. Осыған байланысты біз «Болашақ» бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарын бекітуіміз қажет, - деді, - Мұндағы мақсат басты мемлекеттік бағдарламалар бойынша кадрлық тиісті қажеттілікті анықтау, даярланған мамандарды мақсатты оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады".

Комиссия отырысында магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша шетелдердің жетекші оқу орындарында оқу, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» президенттік стипендиясын алу құқығына ие үміткерлер санаты анықталды. Бұған қоса, 2011 жылғы басым мамандықтар тізбесі де бекітілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар