Кездесу барысында мемлекет басшылары Саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде және жан-жақты ынтымақтастық жайында сөз қозғады.
Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайип Ердоғанмен, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевпен, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен кездесті. Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ертең Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саммит жұмысына қатысады.