Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2010
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева және Түркіменстан Республикасының Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовпен бірге Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-Саммитіне қатысты.

01

02

Саммит жұмысында Түркі Кеңесі Хатшылығының, Ақсақалдар алқасының және Түркі әлемі академиясының болашақ қызметі жайында сөз болды. Сонымен қатар Саммитте өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру сияқты халықаралық маңызы зор тақырыптар талқыланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын кең ауқымды түрде бірлескен іс-шаралар арқылы атап өтуді ұсынды.

Өз кезектерінде түркітілдес мемлекеттер басшылары Қазақстанның халықаралық бастамаларына қызу қолдау білдіре отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы шешімнің қабылдануымен құттықтады.  

Саммит жұмысының қорытындысында «Стамбұл Декларациясы» қабылданды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар