Жаңалықтар

27 маусым 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы Өкімге қол қойды.

Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының талантты өкілдерінің еңбектері аталынып өтілді.


Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен сыйлықтары: «Литер Медиа» компаниясының бас директоры Ерлан Бекхожинға – халықаралық өзекті тақырыптарға арналған жарияланымдар циклы үшін; «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге – «Астана» телеарнасында «Серезный разговор» телевизиялық хабарын жасағаны үшін; «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Бибігүл Жексенбайға – отандық телевизиялық журналистикаға қосқан үлесі үшін; ВВС телеарнасының тележүргізушісі Круикшанк Дэн мен ВВС телеарнасының Қазақстандағы арнайы өкілі Айдос Қыдырмаға – «Әлем архитектурасының ұлы жауһарларының хикаялары» сериясымен түсірілген, Қазақстанның елордасы Астана қаласына арналған «Армандар» атты деректі фильмі үшін; «Панорама» газетінің шолушысы Ярослав Разумовке – қазақстандық қоғамның саяси және экономикалық жаңғыруы мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін берілді.


Қазақстан Республикасының гранттары: Алматы облыстық «Жетісу» газетінің (Талдықорған қаласы) журналисі Нүсіпбай Әбдірахимовке – аймақтық дамудың өзекті проблемаларына, тіл мен мәдениет саясатына арналған публицистикалық материалдары үшін; «АЛАУ-ТВ» телеарнасының (Қостанай қаласы) «Жаңалықтар-Новости» бағдарламасының жетекшілері Әлия Ермекова мен Екатерина Назароваға – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы телевизиялық репортаждары үшін; «MAKHAT STUDIO» (Астана қаласы) шығармашылық бірлестігінің авторлар ұжымы Динара Қамзанова, Нұрбол Қабдолданов, Әсел Қадыроваға – қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған ел тарихы мен мәдениетіне қатысты деректі фильмдер циклы үшін; «Егемен Қазақстан» газетінің құқық бөлімінің меңгерушісі Александр Тасболатовқа – Қазақстандағы құқықтық реформалар процесін белсенді көрсеткені үшін; публицист, «Қазанат» журналының шеф-редакторы Түгел Сәдібекке – Қазақстанның елордасы Астананың қалыптасуына арналған публицистикалық материалдары үшін тапсырылды.


Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы: журналист, ҚР СІМ кеңесшісі Болат Жәмкеновке – мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін терең көрсеткені үшін; «Начнем с понедельника» газетінің бас директоры және бас редакторы Дидар Амантайұлына – «Замандастар» және «Абайтану» телевизиялық бағдарламаларын жасағаны үшін; «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайға – қоғамда қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық келісімді қалыптастыру мәселелеріне арналған жарияланымдар циклы үшін; «Мұқағали» журналының шығармашылық ұжымына (Талдықорған қаласы) – ұлттық мәдениетті дамытуға және М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасына арналған жарияланымдар циклы үшін; «Алтын Орда» газетінің шығармашылық ұжымына (Атырау қаласы) – экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформаларды кеңінен көрсеткені үшін; «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының шығармашылық ұжымына – аймақтық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін жарияланды.


Бүгін Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев Ақордада өткен салтанатты рәсімде журналистерге Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлықтарын, гранттарын және алғыстарын тапсырды.






Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар