Жаңалықтар

13 мамыр 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Наарбаев Алматыдағы резиденциясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мерейтойлық саммиті талқыланды.

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болған кездесуде 15 маусым күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Президенттері қатысатын Астанадағы Саммитке дайындық барысы туралы әңгімелестік. Біз Сыртқы істер министрлері кеңесінің ертең болатын отырысы Мемлекет басшыларының қарауына енгізілетін барлық негізгі құжаттарды біздің тарапымыздан мақұлданатынына тоқталып өттік. Қазақстан Президенті ШЫҰ онжылдық мерейтойы қауіпсіздік, экономикалық даму, гуманитарлық байланыс салаларын қоса алғандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің барлық салалары бойынша біздің ынтымақтастығымызды тереңдетуге арналған жаңа, болашағы зор жоспарлардың әзірленуімен тарихта қалады деген сенімін жеткізді. Біз ертең 15 маусым күні Астанадағы кездесуге жақсы дайындалу үшін осы күн тәртібін жүзеге асыруға тырысамыз, - деді журналистермен болған брифингте С.Лавров.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар