Жаңалықтар

16 қараша 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Орталық мешітте жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
01

Мешітке жиналған қауым арқылы қазақстандық барша мұсылмандарды ұлық мерекемен құттықтаған Елбасы «Құрбан айттың бір мағынасы «жақындау» деген ұғымға сыяды.  Бұл күні мұсылмандар игі амалдарымен Жаратқанға жақындайды. Ағайын-туыстың арасында жылылық, жақындық орнайды. Қоғамда бауырластық артады» деді.

Құрбан айтта қажылық сапарын атқарып жатқан миллиондаған мұсылмандардың қатарында мыңдаған отандастарымыздың бар екенін ескерткен Елбасы «Қажылықты бос мақтан үшін атқаруға болмайды. Қасиетті парызды ынталы жүрек, шынайы ықыласпен жасаған жөн. Содан кейін, қажылыққа барып келгендер өнегелі істерімен көпшілікке үлгі болулары қажет» деп атап көрсетті.

«Өзін мұсылман санайтын әрбір адам Отанның амандығын ойлап, елдің мүддесін көздейді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің татулығымыз бен ауызбіршілігіміз» деген Қазақстан Президенті сөзінің соңында елдің амандығын, халықтың бірлігін және тәуелсіздіктің баяндылығын тіледі.

Президенттің сөзінің толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар