Жаңалықтар

9 қараша 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.

И. Тасмағамбетов Президетті елорданың 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, алдағы уақытта қаладағы жаңа нысандарды пайдалануға беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге даярлық барысы туралы хабардар етті.

Астана әкімі Мемлекет басшысына елорданың жылу маусымына толық дайындығы туралы баяндады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар