Жаңалықтар

7 қаңтар 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Әулие Успен кафедралды соборына келіп, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
01

Президент Рождество мерекесі барлық дін ұстанушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке және жарқын болашаққа деген ізгі үміттерге бастайтынын атап өтті.

– Бүгін бұл мерекені православ христиандармен бірге барша қазақстандықтар қарсы алады. Көпұлтты Қазақстанда алуан түрлі дін өкілдері бір-бірімен татулықта өмір сүріп келеді, біз көптеген діни мейрамдарды бірге атап өтеміз. Бұл біздің ұлы жетістігіміз, басты құндылығымыз. Өз азаматтарының діни наным-сеніміне мемлекет тарапынан жасалып отырған құрмет пен қамқорлық – еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңызды шарттарының бірі. Қазақстан – мұсылмандардың Құрбан айт мейрамының алғашқы күні мен Рождество мерекесі демалыс күндері болып келетін жалғыз мемлекет. Бүгінде біздің еліміз дінаралық және этносаралық татулық пен үнқатысуды қолдаудың өнегелі үлгісін көрсетіп отыр,  – деді Н.Ә. Назарбаев.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, бақыт пен береке тіледі.

Сөз соңында Елбасы соборға шағын автобус тарту етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар