Жаңалықтар

7 маусым 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия кеңесінің аясында Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

001 Гюль

003 Иран

004 Палестина

005 Македония

002 Эрдоган

Кездесу барысында Саммиттің күн тәртібі төңірегінде әңгіме болып, екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмединежадпен, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Басшысы Махмұд Аббаспен, Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен және Түркия Республикасының Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесулер өткізді.

Ертең Мемлекет басшысы Саммит жұмысына қатысып, баяндама жасайды. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар