Жаңалықтар

10 маусым 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады.

А. Дауылбаев Президентті еліміздігі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы хабардар етті, сондай-ақ оның тапсырмаларының орындалу барысы туралы және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде баяндады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін толықтай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар