Жаңалықтар

1 шілде 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі орнықты экономикалық өсу» атты тақырыпқа арналған ІІІ Астана экономикалық форумының ашылуына қатысты.
Астана форум01

Форумға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Президент Н.Ә.Назарбаев форум жұмысына Нобель сыйлығының лауреаттарының қатысуы, әлемге белгілі көшбасшылар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен пікірталастарға және өзекті мәселелердің талқылану тәжірибесіне екпін беретінін, Астана форумының әлемдік дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жолдары мен тепе-теңдікті еңсеру туралы тиімді ұсыныстар айтылатын алаңның бірі ретіндегі беделінің өсуінің жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті.

- Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап тұрақтылық пен қауіпсіздікті маңызды мемлекеттік саясаты дәрежесіне көтерді. Қазіргі уақыттағы дағдарыс біз үшін нағыз сынақ болды. Экономиалық жаңғыртулар стратегиясын дер кезінде және дәйектілекпен іске асырудың арқасында, біз одан абыроймен шықтық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Мемлекет басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рецессияға жол берген жоқ және экономикалық өсім сақталды, сөйтіп, биылғы жылғы алғашқы жартыжылдықта 8 пайызды құрады. Экономикалық дағдарыстың салдарларын еңсеру және алдағы уақытта оған жол бермеу үшін, Президент ойынның ортақ ережелерін қалыптастыруға және жаһандық деңгейдегі экономикалық дамудың негізгі қағыидаттарын әзірлеуге шақырды.

Президент Н.Ә.Назарбаев сондай-ақ Қазақстан құрылықтың ортасында орналасқандықтан интеграциялық үдерістердің бастамашысы және үйлестіруші болуы мүмкін екенін атап өте келе, Еуразиялық интеграциялық Декларация әзірлеуді ұсынды.

- Еуропа мен Азияның интеграциялануы тек Еуразиялық континетте ғана емес, дағдарыстан кейінгі жаңа әлемде әлеуметтік игілік мен экономикалық дамуға жағымды ықпал ете алады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.       

Президент сөзінің мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар