Жаңалықтар

18 шілде 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің аса ірі құрылыс компанияларының жетекшілерімен: “Базис-А” корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы А.Беловичпен және “Қуат” корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы О.Наммен жұмыс кездесуін өткізді.

Жетекші құрылыс компанияларының басшылары Елбасын компаниялардың даму қарқыны туралы, жылжымайтын мүлік рыногын дамыту үрдістері туралы хабардар етті. Кездесуде экономиканың құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ Астана мен Алматыдағы құрылыс мәселелері талқыланды.


Кездесу аяқталғаннан кейін “Базис-А” компаниясының басшысы А.Белович журналистерге арналған брифингте “Базис-А” компаниясында бүгінде үлескерлермен проблемалық мәселелер жоқ екенін атап өтті. Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік рыногының тұрақтануы жүріп, құрылыстардың өсу үрдісі байқалып отыр, – деді А.Белович.


“Қуат” компаниясының басшысы О.Нам брифингте кездесу кезінде Алматы мен Астана қалаларындағы құрылыс мәселелері, атап айтқанда, елордадағы “Гранд Алатау”, “Гранд Астана” тұрғын үй кешендерінің және Алматы қаласындағы “Сайрам” кешені мен басқа да нысандардың құрылыс мәселесі қаралғанын атап айтты. Кездесуде бұл нысандардың құрылысын мерзімінде аяқтау мәселесі қозғалған. Мемлекет басшысы нысандарды белгіленген мерзімде аяқтауға тапсырма берді, – деп атап өтті О.Нам.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар