Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 маусым 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Грант Астана» тұрғын үй кешені мен «BI Village» тұрғын үй массивін аралады.

01

02

Президент «Жаңа құрылыс» АҚҚБ» ЖШС проблемалық нысандардың үлескерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылыс барысымен танысты. «Грант Астана» ТК тұрғын үй бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, аумақты абаттандыру, сыртқы инженерлік желілерді орнату және паркингті орнықтыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. Атқарылған бұл жұмыстар аталған кешенді ағымдағы жылдың 4 тоқсанында пайдалануға беруге мүмкіндік туғызады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана қаласының сол жағалауына орналасқан «BI Village» тұрғын үй массивінде болып, «BI Village-1» массивінің бірінші кезектегі жұмысы барысымен танысты. «BI Village-1» орналасқан аумақ – 8,5 га. Коттеждер саны – 94. Қалашықтың аумағында теннис корты, балалар және спорттық алаңдар бар. «BI Village-2» массивінде екі санатты «BI Village Comfort» және «BI Village Deluxe» үйлер бар. Орналасқан аумақ – 18 га. Коттеждер саны – 139, 140 таунхаус. Тұрғын үй массивінің инфрақұрылымында дүкендер, спорттық-сауықтыру орталықтары, мектеп және 2 балабақша қарастырылған.

- Мен келешекте жеке тұрғын үй құрылысының осындай болуын қалаймын. Әркім бір нәрсені жапсырып, қала көркін тағы бұзғаны керек емес, олай жасасақ біз бұрын болған қалыпқа, Целиноградқа қайта оралып жүрерміз. Бірізді архитектура болуы керек, бірізділік мазмұн сақталып, тәртіп болуы тиіс. Көшелер, бояулар, түс біркелкі әдемі болуы қажет, көктендіру керек. Үйдің маңы орналасқан жерде бау-бақша болуы керек. Көлік тұрағы бар, қажетті нәрсенің бәрі бар, коммуникация жүргізілген. Келешекте жеке тұрғын үй құрылысы үшін біз нақ осындай әдісті қолданатын боламыз. Әр үйдің маңында үлкен дуал болмайды, міне, осындағыдай әдемі болуы керек. Мен «Қуат» құрылыс компаниясы тұрғызған шағын ауданды қарап шықтым. Ол кезде үлескерлер зиян шекті. Үлескерлер өз үйлерін алады, және Астана жылдың соңына дейін оларды тұрғын үймен толық қамтамасыз етеді. Кімде-кім ақшасын төлемесе, әрине, өз пәтері үшін төлеуі тиіс, кімде-кім ақшасын төлеген болса, онда пәтерін алатын болады. Мемлекет тағы да көмектеседі. Тек келешекте мұндай күйге түспеу жағын ойлау керек. Алда келе жатқан Елорда күнімен құттықтаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифинг кезінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар