Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қаңтар 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органдарының 2010 жылғы жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған басым міндеттері талқыланған ІІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
01

Ішкі істер министрлігіне келгеннен кейін Президент бүгінде еліміздің ішкі істер органдары жарақтандырылған заманауи сараптамалық-криминалистік және өзге де арнайы техникамен, байланыс және қару-жарақ құралдарымен танысты.

Алқа жұмысына министрлік құрамаларының жетекшілері, комитеттер мен ішкі әскер бірлестіктерінің басшылығы, ішкі істер өңірлік департаменттерінің басшылары, аудандық, қалалық және желілік полиция бөлімдерінің  бастықтары, ведомстволық оқу орындарының бастықтары қатысты.

Мемлекет басшысына ведомство жұмысының қорытындылары туралы баяндай келе, Ішкі істер министрі С. Баймағамбетов Президенттің тапсырмасы бойынша қабылданған шаралар еліміздің криминогендік жағдайына оң ықпалын тигізгенін мәлімдеді.

Негізгі мақсаты жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесін құру болып табылатын және азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауды анағұрлым тиімді қамтамасыз етуге бағытталған ІІМ жүйесін түбегейлі реформалау басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыс саны (-12,5 пайыз) және өте ауыр қылмыс саны (-10 пайыз) қысқарып келеді.

Мемлекет басшысы анықтаған басымдыққа сәйкес, полицияның негізгі міндетінің бірі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес болып табылады. Өткен жылы ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне қатысты 900-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдың құқықтық механизмдерін жетілдіру үшін ІІМ тарапынан халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтарға (ҰҚТ) басшылық жасағаны үшін жауапкершілікті қатайтып, ҰҚТ-ды қаржыландырғаны және мемлекеттік қызметті олардың жұмысына пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейтін тиісті Заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізді. Есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуге ерекше көңіл бөлінді. Реформаның аясында полицияның барлық есірткі қылмысына тексеріс жүргізуге қатысты жұмыстарды жүргізуі есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аумақтық құрамалардың ІІМ бейінді комитетінің қарамағына енгізілді. Оның жұмысы ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарының, тауарлардың өтімі каналы мен есірткіні жасырын өткізетін жолдарды кесуге бағытталған. 2010 жылы 8 мыңнан астам есірткімен айналысатын қылмыстың беті ашылды. Заңсыз айналымнан 23 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Көші-қон бақылауы күшейтілді. Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында көші-қон саласындағы барлық өкілеттік ІІМ шоғырландырылып, көші-қон полициясы комитеті құрылды. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін 176 мың шетелдік әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, олардың ішінде 18 мыңнан астам жасырын өткендер елден шығарылды.

Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады. Кешенді шараларды қабылдаудың нәтижесінде жолдардағы көлік апаты 4 пайызға, жарақат алушылық 6 пайызға, қайтыс болу оқиғасы 3,5 пайызға қысқарды. Жолдарда тәртіпке келтіруде бірқатар кешенді шаралар, соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтау және бейнеқадағалау автоматты жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды.

Министр өз сөзін түйіндей келе, реформалаудың бірінші әрі маңызды кезеңі аяқталғанын атап өтті. Еліміз Президентінің қолдауының арқасында ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарды, қажетті арнайы актокөліктер мен техникалар сатып алынуда.

Полицейлер мен ішкі әскер қызметкерлері қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүріп, өз қызметтерін жанқиярлықпен атқарып келеді. 2010 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде 19 қызметкер қайтыс болды, 44-і жараланды. Ержүректілік пен батылдық көрсеткені үшін 35 қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды, соның ішінде 1-еуі қайтыс болғаннан кейін матапатталды.

Алқа отырысына қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі елде қоғамдық тәртіптің сақталуында негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

- Бүгін ІІМ-нің жыл қорытындысын талқылаған алқа отырысында мен сіздермен арнайы кездесіп, ішкі істер органдары алдында тұрған маңызды міндеттерді  тағы бір рет талқылап, таяу келешектегі міндеттерді анықтау қажет деп шештім.

Бәрінен бұрын, мен полицейлердің жұмысын жоғары бағалаймын. Сіздер қылмыспен күрестің алдыңғы сапында тұрасыздар, сіздер күн сайын өз өмірлеріңізді тәуекелге байлап, біздің азаматтарымыздың құқығын қорғап жүрсіздер. Ішкі істер министрлігі – бұл еліміздегі ең үлкен құқық қорғау құрылымы. Сондықтан оған орасан міндеттер – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, көші-қон мәселесі, жол қауіпсіздігін қадағалау жүктелген. Сол себепті елдегі құқық тәртібінің жай-күйі сіздердің ведомствоның атқарған ісіне байланысты болады. Жалпы, ІІМ өзіне жүктелген негізгі міндеттерді тиісінше атқарып келе жатқанын атап өткім келеді. Мен сіздердің ведомствоға ерекше назар қоямын. Соңғы бес жыл ішінде біз ІІМ қаржыландыруды бір жарым есеге дейін арттырдық.

2010 жылы ІІМ бюджеті жүздеген миллиард жарым теңгені құрады. Бұл полицияның ауқымды техникалық қайта жарақтандырылуына мүмкіндік туғызды. Басқарудың автоматты жүйесі мен бейнабақылау жүйесі енгізілуде. Криминогендік жағдайдың өзгеруін жедел анықтау мүмкіндігі артты.

Алайда, кез келген істе болатыны сияқты, шешуге туар келетін кемшіліктер мен проблемалар болмай тұрмайды. Өткен жылы менің бастамам бойынша құқық қорғау оргадарының қызметінің кейбір бағыттары бойынша реформа жүргізілді. Біз неге қол жеткіздік, қандай мәселе шешілмей қалды, таяу жылдары ІІМ қандай бағытта жұмыс жүргізуі ттіс – міне, бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы осы болмақ.

Жиырма жылдың ішінде бәрі – экономика, саясат, мәдениет, елдің халықаралық жағдайы өзгерді.

Біздің құқық қорғау жүйеміз уақыт талабына сай өзгеріссіз келеді деп айтуға болмайды. Маңызды заңдар қабылданды, тиімді басқару тәжірибесі қалыптасты. Бірақ, өзге салалармен салыстырғанда, мысалы, экономикаға қарағанда, кейін қалу орын алып отыр. Міне, осы менің бүкіл құқық қорғау жүйесін реформалау туралы жоспарыма себеп болды.

Өткен жылы қабылданған іс-қимылдың нәтижесінде, біз бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткіздік.

Біріншіден, қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің нәтижесінде мыңдаған адамдар түрмеде жазасын өтеуден босатылады. Енді бірқатар шағын және орта дәрежедегі құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

Екіншіден, күш құрылымдары арасындағы ведомствоаралық қарым-қатынастардың жүйесі едәуір қысқарды, баламалы тергеуге алу едәуір қысқарды.

Қазір есірткі қылмысымен негізінен ІІМ, ал экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен қаржы полициясы айналысуда. Әркім өз ісімен шұғылдануда және соңғы жылдары едәуір проблемаларға айналған ведомствоаралық кикілжіңдер жоқ.

Үшіншіден, бұрыннан келе жатқан проблема – бұл кеңестік дәуірден қалып қойған, үсті-үстіне келетін, ұзақ, көпсатылы тергеу жүйесі. Реформаның арқасында біз сот өндірісіне дейінгі жеңілдетілген саланы едәуір кеңейттік және шағын және орта дәрежедегі көптеген қылмыс бүгінде жеңілдетілген жүйесінде қарастырылады, яғни тергеудің мерзімі мен оның күрделілігі бірден қысқартылды. Өздеріңіз де білесіздер, қазір тергеу процесі процессуалдық қатынастарды әлі де болса жеңілдету үшін тәжірибе жүргізілуде. 2011 жылы нәтиеже күтеміз. Бұл тұрғыда әлі барлық іс атқарылған жоқ, алда нақты істер күтіп тұр.

Төртіншіден, құқық қорғау органдарын оңтайландыру жүргізілді. Кейбір құрылымдық бөлімшелерді нығайту есебінен, орталық аппаратты қысқарту есебінен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жалпы саны 15 пайызға қысқарды. Сонымен қатар күш құрылымдарына демилитаризация жүргізіліп, мыңдаған адамға погон тағу құқығы берілмейтін болды. Погонды қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысатын, қылмыспен күресетін адамдар ғана тағады. Өзге барлық санаттарға погон қажетсіз. Өткен жылы біз құқық қорғау жүйесін демилитаризациялауға мағызды қадам бастық деп есептеймін.

Бесіншіден, ІІМ бірқатар функциясын рыноктық ортаға беру ведомстволық міндетті таза шешуде мүмкіндік туғызды. Мысалы, бірқатар функция азаматтық ведомстволарға – Білім және ғылым министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Көлік және коммуникация министрлігіне берілді.

Сөйтіп, бірқатар нақты құрылымдық-басқарушылық шешімдер қабылданды. Қазақстан ауқымды көші-қон ағынының ортасында тұр. Жасырын көші-қон көлемі жыл сайын артып келеді. Көші-қон полициясының құрылуы және көші-қон жөніндегі жиынтық үйлестіру жұмысы ІІМ берілгені туралы шешімді маңызды деп білемін. Осы жұмыспен айналысатын аумақтық құрылым есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттің қарауына берілгені де маңызды.

Міне, осылайша нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бірақ, бұл қол жеткен іспен тоқтап алуға себеп болмаса керек. Біздің алдымызда таяу жылдарда атқаратын істер күтіп тұр. Осы жұмыстардың едәуір бөлігі Ішкі істер министрлігінің жұмысына байланысты. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес министрліктің жұмысының басымдығы болып табылады. Сонымен қатар, бір жағынан проблемаға кеңінен қарап, екінші жағынан дәстүрлі бағытты ескере отырып, жұмыстың жаңа үрдістері мен бағыттарын ескеру ләзім.

Бұдан басқа бізге не істеу керек?

Бірінші. «Ішкі істер органдары туралы» Заңның қабылданғанынан бері 15 жыл өтті. Ол кездегі заң басқа тарихи жағдайлар негізінде қабылданса, қазір біз басқа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Сонымен қатар бұл біздің миллиондаған азаматтарымыздың, соның ішінде Ішкі істер министрлігінің он мыңдаған қызметкерлерінің күнделікті өміріне қатысты заң болып табылады. 2011 жылы «Ішкі істер органдары туралы» жаңа заңның мазмұнымен жұмыс істеп, оны 2012 жылдан қалдырмай қабылдау қажет. Бұл жерде жеңіл-желпі өзгерістер туралы емес, тұжырымдық  пысықтау жұмыстары туралы айтылып отыр.

Екінші. Құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау аясында полицей және тергеу функцияларының бөліну схемасын жан-жақты зерделеп, әлемнің көптеген елдерінде қолданылып жүрген схеманы іс жүзінде қолдану жөнінде келісілген ұсыныстармен шығу керек. Келешекте полицияның міндеті қылмыскерді іздестіру және ұстау, қылмысты тіркеу болуы тиіс. Одан әрі қылмысты дәлелдеу және сотқа жіберу тергеуге жүктелуі қажет. Бұл сотқа дейінгі істерді жеңілтету ғана емес, тиімділігін арттыру. Бүгінде біз Тергеу комитетін реформалауды жүзеге асырудамыз. Елорда мен Алматы облысында тергеу және криминалдық полиция қызметтерін біріктіру жөніндегі ілкіжобаны жүзеге асыру қажеттілігіне баса назар аудару қажет. Оның нәтижелері бойынша шешім қабылдаймыз.

Үшінші. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріті оңтайландыру жөніндегі нақты бағыттар. Бұл тараптарды татуластыру үшін үлкен мүмкіндіктер туғызатын медиация институтын дамыту. Жазалаудың айыппұл салу, үйқамақта ұстау, түзету жұмыстары, т.б. баламалы түрлерін қолдану саласын кеңейтудің маңызы зор. Бұл бір жағынан қылмыстық-түзету жүйесіне жүктемені едәуір төмендетсе, екінші жағынан бюджет үшін жағымды экономикалық тиімді болады. Ең бастысы, құқық қорғау жүйесіндегі репрессиялық механизмдерді төмендетуге, профилактикалдық сәттерге назар аударуа мүмкіндік береді.

Төртінші. Құқық қорғау органдарының, бәрінен бұрын ІІМ қызметін бағалу өлшемдерін өзгеруге қажет.

Құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды іздестіру өлшемдерін қалдыру қажет. Шағын және орта дәрежелі құқық бұзушылыққа қатысты айтсақ, олар жұмысты бағалаудың нақты өлшемі болып табылмайды. Таяу уақытта Қауіпсіздік Кеңесі, Бас прокуратура мен ІІМ осы мәселені шешулері тиіс.

Бесінші. Жол қауіпсіздігі саласын тәртіпке келтіруді талап ете отырып, бірінші кезекте, жолдағы жемқорлықты жою қажет. 2011 жылы бірқатар елдердің соның ішінде көрші елдердің тәжірибелерін зерттеп, қолдану керек. Жол полициясының мәртебесі мен жұмысын ұйымдастыруды өзгерту қажет. Полицейлердің жол қозғалысына қатысты байланысын барынша қысқарту керек. Бүгінде барлық тәртіп бұзушылықты техникалық құралдармен анықтаудың мүмкіндіктері бар.

Жол полициясы құқық қорғау құрылымдарының арасында қызметкерлерді жұмысқа алуда полиграф немесе детектор қолданылатын алғашқы құрылым болулары тиіс. Мұндай техникалық құрылғыларды қолдануды заңдық тұрғыда ресімдеу қажет.

Алтыншы. Есірткі бизнесімен және есірткі қылмысымен күрек тәрізді ІІМ жұмыстарының маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Біз қазір бұл жұмысты ІІМ арнайы беріп отырмыз. Алайда талап та қатаң болады. Өкінішке орай, бүгінде Қазақстан Ауғанстаннан Еуропаға есірткі тасымалының транзиттік жолында тұр, бұл жаһандық ағын. Есірткі қауіп-қатерінің деңгейі көңіл алаңдатарлықтай және ІІМ бұл бағыттағы жұмысын бағалау басты өлшемнің бірі болмақ.

2011 жылдың қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі ІІМ және ҰҚК бірлесіп осы саладағы жағдайға нақты талдау жасаулары қажет.

Жетінші. Көші-қон полициясы біздің барлық көші-қон саясатымыздың ұтымды құралына айналуы қажет. Біз жария және жасырын қоныс аударушылардың алаңы болып табыламыз. Қазақстандағы жоғары өмір сүру деңгейі бізге көршілес елдерден мыңдаған адамдардың келуіне ықпал етуде. Мұның жағымды да, жағымсыз да әсерлері бар. Заңсыз көші-қон қылмыспен, криминалистермен тығыз байланысты.

Заңсыз көші-қон каналдарының жолын кесу мақсатында ішкімемлекеттік желілер және халықаралық ынтымақтастық бойынша тиісінше профилактиалық жұмыстар қажет.

Шетелдік заңсыз қоныс аударушыларды Қазақстаннан шығарудың қатаң тетіктері құрылуы тиіс. Бірінен бұрын, біздің азаматтардың мүддесі қорғалуы керек. Әлемнің көптеген елдерінде заңсыз қоныс аударушыларға өте қатаң шаралар қолданылады. Одан үйрену керек. Міне, осылайша көші-қон полициясы алдында өте нақты міндеттер тұр. Осы ретте өз проблемасы кездесіп қалатын ішкі көші-қон туралы ұмытуға болмайды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет мәжілісінде ІІМ осы бағыттағы жұмысын қарап, барлық қажетті шараны қабылдау қажет. Нормативтік базаны жеке қарау керек. Қажет болса, толықтыру қажет.

Сегізінші. Жалпы, министрліктегі және құқық қорғау жүйесіндегі кдрлық саясат.

Біріншіден, соңғы бес-алты жыл ішінде кадрлық резервпен қалай жұмыс жүргізілгеніне, кадарлар ротациясы үдерісі қалай жүргізілгеніне - кадрлар жеке қарым-қатынастар негізінде немесе шындық тұрғысынан, нақты жұмыс тиімділігі бойынша жүргізілгеніне талдау жасалуы тиіс.

Екіншіден, мамандарды дайындау және қайта даярлау жүйесіне баға беру қажет. Барлық әлемде құқық қорғау жүйесі техникалық жоспар бойынша анағұрлым автоматтандырылуда, интеллектуалды болып келеді. Мамандарды дайындау және қайта даярлау жүйесіне айтарлықтай өзгерістер керек.

Үшіншіден, бір жағынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу нормаларына назар аударып, екінші жағынан күш құрылымдарының жетекшілерінің олардың қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылыққа жауапкершілік деңгейін арттыру қажет. Егер қатардағы қызметкердің тарапынан құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі байқалса, онда тек моральдық ғана емес, карьерлік жауапкершілікке аудан, қала және облыс көлеміндегі басшылар жауапты болады. Әсіресе, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясаттың тиімділік мәселесі 2011 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралатын болады.

Біз сіздердің жұмыстарыңызға елеулі мән беретін боламыз, ІІМ-іне тиісті материалдық және техникалық қолдау көрсетіледі. Кадрлар әлеуетінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында барлық алға қойылған міндеттер шешілетін болады.

Алқа барысында сондай-ақ ІІМ аймақтық бөлімшелерінің басшылары  сөйледі, құқық қорғау органдарын реформалау ауқымындағы Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы пікір алмасылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар