Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 маусым 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

01

04

09

08

10

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

- Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы аяқталып келеді. Біз 110 іс-шара өткіздік, маңызды құжаттарды әзірледік, барлық ұстанымдар келісілді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Біз қарастыратын күн тәртібі маңызды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Қазақстан Президентімен кездесуімізден басталғаны мен үшін өте жақсы. Қазақстанның төрағалығы кезінде өте үлкен жұмыстар атқарылды, маңызды құжаттар келісілді. Ертең сессия жұмысы кезінде біз олардың бәрін талқылап, қабылдаймыз деп сенемін, - деді кездесу барысында Дмитрий Медведев.

Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты қарым-қатынастардың ауқымды мәселесін, сондай-ақ ағымдағы аймақтық және жаһандық жағдайды талқылады.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен келіссөздер өткізді.

Кездесу кезінде екіжақты іс-қимыл мәселесі, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

***

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен, ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевпен кездесті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар