Жаңалықтар

1 мамыр 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залында Валерий Гергиевтің дирижерлік етуімен өткен Мариин театрының Симфониялық оркестрінің концертін тамашалады.
03

Концертте әлемдік музыка классиктерінің таңдаулы шығармалары орындалды. Оркестрдің дирижері – Ресей Федерациясының халық артисі Валерий Гергиев. Фортепианода орындаған – Ресейдің еңбек сіңірген артисі Денис Мацуев.

Валерий Абисалович Гергиевтің Қазақстанда шығармашылық мамандарды даярлауға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін оны Мемлекет басшысы өз Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапаттады.

Мемлекет басшысы Валерий Гергиевтің сіңірген еңбегі беделді сыйлықтармен, наградалармен бағаланғанын атап өтті. Ол көптеген қазақстандық артистер өз шеберліктерін шыңдаған атақты Мариин театрының бас дирижері болып үзіліссіз еңбек етіп келеді..

Мемлекет басшысы В.Гергиев бастаған Мариин театрының Симфониялық оркестрін 3500 көрермен сиятын және Еуразия құрлығында алдыңғы қатардағылардың біріне саналатын жаңа «Қазақстан» концерт залында қарсы алғанына қуанышын білдірді. Президент дирижерді Астана қаласындағы жаңа опера және балет театрының ашылуына шақырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Валерий Гергиевке Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Дирижер Президентке жоғары бағалағаны және мәдениет қызметкерлерін ұдайы қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтты.

– Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Мені Қазақстанның жаңа елордасы таңқалдырды! Мен Астанаға бұрын да келгенмін, сол кезде бәрі де Сіздің қолыңыздан келеді деген сенімде болдым. Мәдениетті үнемі қолдап келе жатқаныңыз үшін Сізге рахмет. Сіз Ресейде де сый-құрметке ие нағыз Көшбасшысыз, – деді В.Гергиев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар