Жаңалықтар

12 сәуір 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде болып, ІІМ-нің ұжымына жаңа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрін таныстырды.
02

Президенттің Жарлығымен генерал-майор Қалмұханбет Қасымов ІІМ-нің басшысы болып тағайындалды.

Құқық қорғау ведомствосының қызметкерлеріне жаңа ішкі істер министрін таныстыра отырып, Президент полиция және ішкі әскер қызметкерлеріне жақсы жұмыстары үшін алғысын айтып, басым міндеттерді атап өтті.

- Қасымов еңбек жолын тергеушіден, аға тергеушіден бастаған. Ол заңгер, ішкі істер жүйесінде өмір бойы еңбек етіп келеді, қазір ШҚО ІІД-ін басқарады. Мен таяуда негізгі міндетттері белгіленген ІІМ алқа мәжілісіне қатыстым. Бүгінде сондай-ақ бірқатар міндетті шешу қажет. Бірінші. Министр мен оның орынбасарлары ведомствоның өз ішіндегі жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке жеке жауап береді. Мен бұл міндетті тағайындалған барлық министрлердің алдына қоямын. Министрлер мен олардың орынбасарлары - өз ведомстволарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске негізгі жауаптылар. Егер онымен министрліктің басшылығының біреуі айналысқан болса, онда бүкіл құрам және министр өз қызметінде қалуға құқы жоқ. Екінші мәселе – бизнесмендерге зәбір көрсетуге жол жоқ. біз қазір іскер ададарға толықтай еркіндік беріп, ісіне араласпауға тиіспіз. Басқа барлық мәселелер бойынша мен тәртіп енгіземін, тексеруші органдарды қысқарту керек. Үшінші мәселе – кадрларды тәрбиелеу. Құрамға жастар көптеп келіп жатады, оларды оқыту керек. Заңды, өз құқықтары мен міндеттерін білулері керек, қарапайым адамдардың мұқтаждықтарын түсіну үшін оларға жақын болу керек. Егер өз құқығын, өз бостандығын қорғау үшін өтініш білдірген адам болса, полиция қызметкері оған көмектесуі тиіс. Тұрғындар оның жұмысына қолдау көрсетуі үшін ол тұрғындармен етене жақын болуы керек. Әрине, алдағы уақытта бізге заңнаманы жетілдіру керек. Осы орайда, біз қазір ішкі істер министрлігі туралы заң жобасын әзірлеудеміз. Барлығын: полиция қызметкерлерінің материалдық жағдайын, полиция қызметкерлері үшін әлеуметтік пакетті ескеру қажет, сонымен қатар, халық алдындағы жауапкершілігі мен беделін көтеретін уақыт жетті. Сондықтан мен бәрін төменгі жәйтті, ауыл, аудан жағдайын білетін адамды тағайындап отырмын. Ол облыста жұмыс істеді, бүкіл Қазақстанды аралап шықты, бүкіл жүйені, башылықты біледі. Сайлаудан кейін халық топтаса түсті. Қазақстандықтар мерекелік көңіл-күй кешуде, халықтың үлкен қуаныштар күтері анық. Бұл бізге зор жауапкершіліктер жүктейді. Сіздер қылмыспен алғаш рет бетпе-бет келесіздер. Жергілікті жерлердегі қатардағы полицейлер, жол полициясының қатардағы қызметкері – сіздер қылмыспен күресте елдің негізгі күшісіздер. Сіздер ең үлкен құқық қорғау ұйымысыздар және елімізде құқық қорғауды нығайту жөніндегі ең негізгі күшсіздер, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігі ведомство алдында тұрған барлық міндетті іске асыратынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар