Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қазан 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Маминді қабылдады.

А. Мамин Президентке «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ағымдағы қызметі жайлы және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы хабарлады.

- Мен Мемлекет басшысына компанияның 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндадым. Барлық жоспар артығымен орындалуда. Негізгі өндірістік көрсеткіштер асыра орындалуда. Биылғы жылы компанияның таза пайдасы 90 млрд. теңге мөлшерінде болады деп күтілуде. Бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қарай Қытайға шығуға мүмкіндік беретін «Жетіген-Қорғас» темір жолының құрылысы аяқталады, Түрікменстанмен шекарадағы Өзен темір жолы учаскесінің құрылысы аяқталды. Биылғы жылы желтоқсанда жолаушылар вагондары өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталады, ол Қазақстанның барлық аумағы бойынша жылдамдығы жоғары жолаушылар қозғалысы бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік туғызады. Маршруттық және учаскелік жылдамдықтар екі есеге арттырылатын болады. 2008-2011 жылдар аралығында компания темір жол машина жасау көлемін 10 есе арттырды, яғни 10-нан 100 млрд. жеткізді. Биылғы жылы компаниядағы қазақстандық қамту 83 пайызды құрайды. Компания корпоративтік басқару бойынша ұлттық компаниялар арасында бірқатар ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда көшбасшы болып табылады. Президенттің Жолдауы аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша үшінші пойыз іске қосылды, - деді А. Мамин журналистерге арналған брифингіде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар