Жаңалықтар

17 қараша 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ірі мұнайгаз өңірі – Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

01

02

Атырау облысы республикада өндірілетін көмірсудеті шикізатын негізгі тасымалдаушының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 10 айының ішінде облыс құны 2183,6 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 776,8 миллиард теңгені құрады. Облыста 17700 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында облыста жалпы құны 1346,0 миллиард теңгеден астам 11 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ 22,1 миллион тонна мұнай және 9927,6 миллион шаршы метр газ өндірілді. Жылдың аяғына дейін облыста 29 миллион тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде.

Президенттің жұмыс сапарының бағдарламасы «Каспиан техникал ресорсез» арнайы техникалық мамандар даярлау жөніндегі оқу орталығын аралаудан басталды.

Мемлекет басшысы «Жол картасын» іске асыру аясында Атырау облысында атқарылған жұмыстардың қорытындысымен, сондай-ақ оқу орталығының жұмысымен танысты.

Президент құбыр жөндеу цехын, аргонно-электр дәнекерлеу цехын аралап көрді, сондай-ақ аргонно-электр доғалау дәнекерлеуші мамандар даярлау жөніндегі оқу сыныбында болды.

Оқу орталығы әлемдік деңгейдегі мамандандырылған орталық болып табылады. Онда Қашаған кен орнын зерттеу жөніндегі мұнай операцияларын жүргізу үшін арнайы жұмысшы мамандарды даярлау және қайта даярлау ісі қолға алынған.

Жоба Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудегі, соның ішінде шетелдік мамандарды келешекте жоғары білікті қазақстандық мамандармен алмастыру үшін жеделдетіп даярлауды ұйымдастыру бөлігіндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында іске асырылуда.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев мұнайгаз өңдеу саласын дамыту жөнінде кеңес өткен «ҚазТурбоРемонт» ЖШС газқұбырларын жабдықтауға сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін жаңа зауытқа келді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жер асты байлығын игеру экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар жүргізілу тиістігін атап көрсетті. Бұл мәселе бірінші орында тұруы тиіс. Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мұнайгаз саласын дамыту мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар