Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қыркүйек 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бас Прокуроры Қ. Мәмиді қабылдады.

Кездесуде Бас Прокурор құқық қорғау қызметіне қатысты прокуратура органдарының үйлестірушілік функциясын күшейтуге, прокурорлық қадағалауды одан әрі арттыруға бағытталған Президенттің тамыздағы Жарлығы ережелерінің жүзеге асырылуы бойынша Бас прокуратураның атқарып отырған жұмыстары жөнінде баяндады.

Бас прокуратура қылмыстық заңнамаларды одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдігін күшейту мәселелері бойынша заң жобасының негізгі әзірлеушісі болғандықтан, Бас прокурор осы құжаттың дайындалу барысы туралы әңгімеледі.  

Бас Прокурор аталған заң жобасының жеке кәсіпкерлік субъектілері мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне қатысты қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруге, қылмыстық қудалаудың репрессивтілігін төмендетуге, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін бағалау жолдарын жетілдіруге бағытталған бірнеше маңызды міндеттерді шешетінін атап өтті.

Сонымен қатар Бас Прокурор еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы, атап айтқанда,  қылмыстар туралы арыздар мен ақпараттарды электрондық тіркеуді енгізу, құқық қорғау құрылымдарының бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру, қылмыстық істерді жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша прокурорлық қадағалауды күшейту жөнінде баяндады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар