Жаңалықтар

15 сәуір 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Самұрық” Қазақстан холдингі” АҚ басқармасының төрағасы Қанат Бозымбаевты және Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.

Қ.Бозымбаев Президентке “Самұрық” Қазақстан холдингін” 2015 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясын таныстырды.


– Жаңа стратегияға сәйкес “Самұрық” әкімшілік холдингтен басқарушы холдингке айналуы тиіс. Оның басты функциясы – еншілес компаниялар үшін жаңа құн жасау, – деді журналистерге арналған брифингте Қ.Бозымбаев.


Бұл құжатта мемхолдинг қызметінің шешуші екі бағытына – тиімді инвестициялық портфельді қалыптастыруға, сондай-ақ холдингтің өзін оңтайландыру және қызметінің тиімділігін арттыруға назар аударылған.


– Президент тұтастай алғанда компания стратегиясының шешуші элементтерін мақұлдады. Енді біз осы стратегияны талқылау және ол бойынша шешім қабылдау үшін Үкіметке шығатын боламыз, – деп хабарлады Қ.Бозымбаев.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, ол Қазақстан астанасының халықаралық тұсаукесерінің 10 жылдығын өткізудің тұжырымдамасымен таныстырды.


И.Тасмағамбетов атап өткеніндей, Президент алдағы мерейтойдың тұжырымдамасын мақұлдаған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар