Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП фракциясының алқа отырысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бюро отырысына қатысты.

Отырыстағы кеңесуден кейін Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына К. Мәсімовтың кандидатурасын тағайындау жөніндегі ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.

Қорытындысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 56 бабына сәйкес келісім алу үшін аталған ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысының қарауына енгізу туралы шешім шығарды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар