Жаңалықтар

14 наурыз 2006
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен телефон арқылы сөйлесті.
12.jpg

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов екіжақты қарым-қатынастардың кеңейтілген мәселелері бойынша пікір алмасты. Екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық саладағы  ынтымақтастығы  соңғы жылдары айтарлықтай алға басып, шекараны делимитациялау үдерісі ойдағыдай аяқталғанын, оны демаркациялау жұмыстары жақсы қарқынмен жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Телефон арқылы сөйлесу кезінде сондай-ақ, сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі дамыту, ауыл шаруашылғы, көлік және коммуникациялар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

 

Өңірлік интеграция мәселесі де әңгіме өзегі болды. Өзбекстанның мүшелікке қабылдануымен Қазақстан мен Өзбекстан ШЫҰ, ЕурАзЭҚ халықаралық ұйымдары шеңберінде  өнікті түрде  өзара іс-қимыл жасап келеді. Экономикалық байланыстарды нығайту өңір елдерінің одан әрі ықпалдастығы жолында маңызды қадам болып отыр.

 

Сонымен қатар, әңгіме кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы наурыз айында Өзбекстанға жасалатын ресми сапары аясында қаралатын, атап айтқанда экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар