Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 сәуір 2006
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жасаған ресми сапарының аясында Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институтында болды.

Қазақстан басшысын аталған институттың мыңдаған студенттері қарсы алды. Олардың қатарында Қазақстаннан келіп білім алып жатқан жастар да бар. Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институтының ректоры, профессор Юрий Карабасов Ғылыми кеңестің Қазақстан Республикасы Президентіне Құрметті профессор атағын беру туралы шешімін жариялады және Нұрсұлтан Назарбаевқа диплом, айрықша белгісі және Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институтының «Металдар туралы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ордені мен мантиясын табыс етті.

 
Институттың профессор-оқытушы қауымы және студенттер құрамының алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев аталған жоғары оқу орнының Қазақстанның металлургия саласы үшін маман-өндірісшілер мен ғалымдарды даярлауға қосқан үлесін атап өтті. Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институтында бүгінгі таңда Қазақстаннан келген 55 студент білім алуда, институттың жүздеген түлектері біздің еліміздің металлургиялық кәсіпорындарда еңбек етуде.

 
- Мен Құрметті профессор атағын беріп, Институттың жоғары айрықша белгісімен және «Металдар туралы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттағандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Бұл наградаларды мен үлкен құрметпен қабыл аламын. Еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатының құрыш балқытушысы болып бастаған жеке мен үшін бұл марапаттың айрықша мәні бар. Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институты ғалымдарының Қазақстандағы ғылыми орталықтарда еңбек ететін әріптестерімен орнықтыратын өзара іс-қимылының әлеуеті аса зор деп санаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар