Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 маусым 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыстағы «төрттіктің» (БҰҰ, ЕО, АҚШ және РФ) арнайы өкілі Тони Блэрды қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрінің Таяу Шығысты реттеудегі рөлін жоғары бағалады.


Президент Қазақстанның Таяу Шығыс мәселесінің Израильдің қауіпсіздікте және көршілерімен бейбіт өмір сүруге деген құқын және палестина халқының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы өзін-өзі тануға деген заңды құқын, босқындар мен аумақтардың қайтарылуын ескере отырып әділ де, бәрін толық қамту арқылы шешілетініне қолдауын жеткізді.


Мемлекет басшысы сұхбаттасының назарын Қазақстанның СВМДА, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты сыртық саясаттағы бастамаларына аударды.


Н.Ә.Назарбаев жуық уақытта ғана дінаралық қайырымдылық қорын құрған Тони Блэрды 2009 жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ-ші съезіне қатысуға шақырды.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар