Жаңалықтар

23 шілде 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет және Президент Әкімшілігінің басшыларымен кеңес өткізді, онда ел экономикасының ағымдағы ахуалы мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, кеңесте «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі мен «Қазына» орнықты даму қоры жұмысының тиімділігіне талдау жасалды, сондай-ақ алдағы әкімшілік реформалардың түрлі қырлары түбегейлі талқыланды.


Кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, оның орынбасарлары Оңалсын Жұмабеков және Владимир Школьник, вице-премьер – экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Мусин қатысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар