Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 қаңтар 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық спутниктік телерадио таратылым желісін ресми іске қосу рәсіміне қатысты.
01

Президент сандық телерадио таратылымын ендіру бағдарламасының бақылау және мониторинг орталығымен танысты, сондай-ақ спутниктік терерадио таратылымының кодылау және контентті мультиплексиялауға арналған жабдықтарды қарап шықты.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына елімізде сандық телерадио таратылымды енгізу барысы туралы баяндады. Одан кейін Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым жүйесін іске қосу рәсімі өтті.

Спутниктік сандық телевизияның іске қосылуы – бұл ұлттық телетаратылымды жаңа сандық технологияға ауыстырудағы алғашқы кезең. Аталған жоба Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және республиканың кейбір өңірлерінің тұрғындарының ақпараттық теңсіздігі деңгейін төмендетуге бағытталған.

Спутниктік сандық телерадио таратылымының  іске қосылуымен республикамыздың барлық тұрғындары, оның ішінде еліміздің шекарасында орналасқан елді мекен тұрғындары  алғаш рет спутниктік байланыс арқылы 37 республикалық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі уақытта тестік режимде көрсетіліп жатқан тегін топтамаға 18 республикалық, 14 облыстық телеарна мен 3 радио желісі енгізілген. Сонымен қатар абоненттер ақылы топтама негізінде 50 шетелдік телеарналарды да көре алады.

Ұлттық телерадио таратылым желісін құрудың келесі кезеңінде аналогтық желідегі эфирлік хабар таратуды  DVB/T2 стандартындағы сандық стандартқа ауыстыру міндеті тұр. Аталған жобаны жүзеге асыру 2011-2015 жылдарға есептелген  және еліміздің барлық аймағын сандық-эфирлік телерадио таратылым желісімен қамтуға негізделген.

Іске қосу рәсімінен кейін Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Шегирин ауылымен өткізілген телекөпір кезінде Павлодар облысының әкімі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысына спутниктік сандық телетаратылымды облыста енгізу жобасын іске асыру туралы баяндады. Шегирин ауылы               республикада спутниктік сандық телетаратылым енгізілген алғашқы ауылдың біріне айналды. Телекөпір кезінде 106 жастағы ауыл тұрғыны Хафиза Тимешева Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қамқорлығы үшін рахмет айтты.

- Сандық телевизияның енгізілуі шалғайда орналасқан ауыл үшін – ерекше маңызды оқиға. Бізде еліміздің өмірі туралы толық ақпарат алуға, уақыттың ағымымен бірге жүруге мүмкіндік туып отыр,- деп атап өтті Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарымен әңгімесінде.

Президент отбасында денсаулық, құт-береке және табыстар тіледі.    


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар