Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қыркүйек 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

01

03

02

Тараз қаласына келгеннен кейін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы паркте болды. Осында Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің офицерлер құрамының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Президентке жаңа техникалар таныстырылды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті.     

Одан кейін Президент «Тараз ПОШ фабрикасы» ЖШС-де болып, жоғары сапалы иірілген жіп үшін бастапқы материал-топс өндірісімен танысты. Бұл өнімнің алғашқы үлгісі Еуропаға зертханалық сынаққа жіберілген еді, ондағы сарапшылар қазақстандық топстың барлық халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Жобаның жалпы құны 1025 миллион теңгені құрайды. Фабриканың қуаттылығы жылына 786,2 тонна топсты – қой жүнін, 873,6 тонна иірілген жіпті, 109,2 тонна жүннің қалдығын, 408 тонна жуылған жүнді құрайды. Келесі жылы топс өндірісі жөніндегі өнімділіктің желісін екі есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.    


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар